Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Полиция қызметкері бесінші қабаттағы баланы құтқарып, марапатталды

    Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері Убиш Гайсин бесінші қабаттағы баланы құтқарып, марапатталды. Оқиға Орал қаласында болған.

    Полиция қызметкері бесінші қабаттағы баланы құтқарып, марапатталды

    Сурет: turkystan.kz

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде төтенше жағдайда көзсіз ерлік көрсеткен қызметкер марапатталды. Учаскелік инспектор Убиш Гайсинге бесінші қабаттың терезесі алдында тұрған бүлдіршінді құтқарып қалғаны үшін алғыс білдіріліп, арнайы марапат табысталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Салтанатты шарада БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев Шаған полиция бөлімінің инспекторы Убиш Гайсиннің қызметтік міндетін жоғары деңгейде атқарғанын атап өтті. Ол кішкентай баланың өміріне төнген қауіптің алдын алып, батыл әрі жылдам әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді.

    Оқиға Орал қаласындағы Жәңгір хан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Тұрғындар учаскелік инспекторға хабарласып, бесінші қабаттағы ашық терезе алдында шамамен 3-4 жастағы баланың тұрғанын хабарлаған. Убиш Гайсин дереу оқиға орнына жетіп, баланың терезеден басын шығарып отырғанын көріп, жоғарыға көтерілген.

    Полицей баланы қауіпсіз жерге алып шығып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Марапаттау кезінде департамент бастығы мұндай жағдайларда әр секундтың маңызды екенін және қызметкердің қырағылығы мен батылдығын ерекше атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →