Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Ақордада бюджетті жоспарлау және экономиканы дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің басымдықтары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Президентке экономиканың ағымдағы жағдайы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен республикалық бюджет параметрлері туралы мәлімет ұсынылды.
Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет және спорт ғимараттары секілді инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдету екенін айтты.
