Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Степногорск тұрғыны полицейге шабуыл жасап, бетін тырнап тастады

    Степногорск қаласының 40 жастағы тұрғыны полицейге шабуыл жасап, бетін тырнап тастады. Оқиға 15 тамызда болған, әйел масаң күйде болған.

    Степногорск тұрғыны полицейге шабуыл жасап, бетін тырнап тастады

    Сурет: newtimes.kz

    Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 тамызда сағат 00:30 шамасында болған. Степногорск қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне тұрғын үйдің бір пәтерінен тыныштықты бұзу туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберілген. Полицейлер пәтерден қатты музыка шығып жатқанын анықтаған. Есікті 40 жастағы әйел ашқан, ол алдын ала мәлімет бойынша масаң күйде болған.

    Полиция қызметкерлерінің тыныштықты бұзуды тоқтатып, медициналық куәландырудан өту туралы заңды талаптарына әйел агрессиямен жауап берген. Ол былапыт сөздер айтып, полицейлердің талаптарын орындаудан бас тартқан.

    Жанжал кезінде әйел полицейлердің бірін итеріп жіберген, содан кейін подъезге жүгіріп шығып, оған тап берген. Нәтижесінде полицейдің беті мен мойны тырналған. Болған оқиғаны патрульдің тағы бір қызметкері бейнекамераға түсіріп алған.

    «Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тексеру нәтижелері бойынша тиісті процестік шаралар қабылданады», — деп хабарлады ведомство.

    Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына құрметпен қарауға шақырады.

    Бұған дейін Рудный қаласының тұрғыны сот орындаушысына пышақпен шабуыл жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →