Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ? Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Қазақстанда 16 тамызда ауа райы қандай болмақ? Қашаған кен орнындағы келісімшарттарда сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім

    Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды

    Ақтөбеде 45 жылдық ескі кәріз тазарту станциясының орнына заманауи кешен салынуда. Жаңа нысан тәулігіне 130 мың текше метр ағынды суды өңдей алады.

    Ақтөбеде заманауи кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды

    Сурет: stan.kz

    Ақтөбеде 45 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ескі кәріз тазарту станциясының орнына жаңа кешен салына бастады. Бұл жоба қаланың тозған кәріз инфрақұрылымын жаңартып, орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған тұрғындар үлесін арттыруға және болашақтағы қуат резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жаңа станцияның құрылыс алаңында болып, жобаның технологиялық шешімдерімен танысты. Қазіргі таңда қолданыстағы кешеннің тозу деңгейі шамамен 70 пайызды құрайды. Тәулігіне ағынды судың орташа көлемі 70–80 мың текше метр болса, су тасқыны кезінде 95 мың текше метрге жетеді. Ақтөбе халқының шамамен 62 пайызы ғана орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

    “Aqtobe su-energy group” АҚ бас директоры Нағымжан Алдияровтың айтуынша, жаңа станция төрт деңгейлі тазарту жүйесімен жабдықталады: механикалық және биологиялық тазарту, ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру, сондай-ақ биогаз өндіру арқылы тұнбаны өңдеу. Тұнбаны кептіріп, түйіршіктерге айналдыру, ал биогазды электр энергиясын өндіруге пайдалану жоспарланған.

    Өңір басшысының айтуынша, жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен Еуропалық қайта құру және даму банкінің несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қарызды өтеу шығындарының 90 пайызына дейін республикалық бюджет, ал кемінде 10 пайызы жергілікті бюджеттен өтеледі. Яғни, қаржылық жүктеме тұрғындарға түспейді. Жаңа станция тәулігіне 130 мың текше метрге дейін ағынды суды өңдей алады, бұл қаланың ұзақмерзімді дамуына қажетті қуат резервін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жоба аясында тазартылған суды бұруға арналған екі құбырды санациялау және герметизациялау жоспарлануда.

    Құрылыс алаңында жұмыстар басталып кетті. Мердігер ұйымның мамандары жұмылдырылған, жұмыс ауқымы кеңейген сайын жұмысшылар санын 350 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы тазарту қондырғылары жаңа станция іске қосылғанға дейін жұмысын жалғастырады. Одан кейін қазіргі КТҚ одан әрі пайдалану жағдайы және оны реконструкциялау қажеттілігі айқындалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →