Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды •

    Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады

    Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады

    Фото: әлеуметтік желі

    21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы Шерхан Аймаханға прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тілшіміздің хабарлауынша, Шымкентте соттағы жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы Аймаханның жазасын жеңілдетуге негіз болатын ешқандай мән-жай анықталмағанын мәлімдеді.

    Сонымен қатар прокурор Нұрай Серікбайдың Аймаханға ешқандай өкпесі жоқ екенін айтқан бейнежазбаны сотта ескермеуді сұрады. Оның сөзінше, сараптама қорытындысында қыздың бейнежазбадағы сөзі алдын ала жаттатылғаны анықталған.

    «Жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор.

    Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, Шерхан Аймахан оған бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ол қала маңында ұсталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →