Қытайда дауылдан 900-ден аса әуе рейсі тоқтатылды
Қытайда тайфун кесірінен ұшақтар ұшпай жатыр, деп жазады Qazaqtoday.info.
Шанхайдағы екі ірі әуежайдан – 720, Ханчжоудан 200-ге тарта рейс шегерілді. Әуе қатынасынан бөлек, порттар мен теміржол қызметі де уақытша тоқтап тұр.
Елде тайфунға байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланған. Миллиондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дауыл екпіні сағатына 151 шақырымға дейін жетіп отыр.
Бұл – жыл басынан бері тіркелген төртінші тайфун. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, арты тасқынға ұласу қаупі бар.
Фото: 24.kz
