Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Аслан Қаженов Геннадий Головкинді сынға алды

    Аслан Қаженов әлеуметтік желіде Геннадий Головкинді сынға алып, бокс сессиясынан кейінгі оқиғаны баяндады. Журналист чемпионның әрекетіне наразылығын білдірді.

    Аслан Қаженов Геннадий Головкинді сынға алды

    Қазақстандық спорт журналисі әрі медиа өкілі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында Геннадий Головкинге қатысты наразылығын білдіріп, сынға алды. Оның сөзінше, бұған дейін боксшыға деген құрметі ерекше болғанымен, кейінгі жағдайлар бұл көзқарасты өзгерткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Журналист бокс сессиясынан кейін болған оқиғаны баяндап, чемпионның әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді.

    «Бұған дейін Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, «бесстыжый» дейді. Даңқты чемпион шығарсың. Бірақ, адам болып қалу керек», – деп жазды Аслан Қаженов.

    Сондай-ақ ол шетелде жүрсе ҳам, елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп жүргенін атап өтіп, спорттағы әділдік пен отандастардың мүддесін қорғау маңызды екенін жеткізді.

    «Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қарагөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!», – деді журналист.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →