Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен Есілге секіріп, аман қалды

    Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен Есіл өзеніне секіріп, жағаға өзі жүзіп шықты. Полиция оқиға видеосын таратып, халыққа ескерту жасады.

    Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен Есілге секіріп, аман қалды

    Фото: istockphoto.com

    Бүгін, 29 қыркүйек күні Астанадағы «Тұлпар» көпірінен 46 жастағы ер адам Есіл өзеніне секіріп кетті. Секірген соң ол жағаға қарай жүзіп, судан аман-есен шыққан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Астана қаласының полиция департаменті оқиғаның видеосын таратып, халыққа ескерту жариялады. «102» арнасына «Тұлпар» көпірінен 46 жастағы ер адамның суға секіргені туралы хабарлама түскен. Секіргеннен кейін ер адам жағаға өзі жүзіп шыққан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, дәрігер шақырған», — деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.

    Полиция ер адамды дәрігерлерге тапсырған. Және осы видео арқылы халыққа үндеу жасап отыр.

    «Суға секіру дегеніміз – баланың ойыны емес. Судың тереңдігі, ағысы, су астындағы кедергілер және басқа да жағдайлар адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жолы оқиға жақсы аяқталғандай көрінгенімен, мұндай әрекет ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», — деп жазған полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →