Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты

    1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр

    1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр

    Фото: Видеодан скрин

    Ақмола облысына қарасты Аршалыда осыдан 10 жыл бұрын 1,5 миллиард теңгеге басталған орталық канализация құрылысы әлі күнге дейін аяқсыз қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бүгінде ағынды су толып, нәжіс ашық жерге де, арнайы қазылған шұңқырларға да ағып жатыр. Жергілікті халық бұл лас судың жер асты суларына сіңіп, өзенге құйылуынан ашықтан-ашық қауіптеніп отыр. Көктемде бұл ағындылар еріген қар суымен бірге Астананы ауызсумен қамтып отырған Есіл өзеніне араласып кетуі де әбден мүмкін.

    Ал Аршалы ауданының әкімдігі болса, тазарту қондырғыларын реконструкциялау жобасы дайын болғанымен, оған әлі күнге дейін ақша бөлінбегенін айтып, қол қусырып отыр. Әкімдік уәдені үйіп-төгіп бергенімен, халық он жылдан бері нәжіс пен нәтижесіз жобаның зардабын тартып келеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →