Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды?

    BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды?

    Фото: видеодан скрин

    Еліміздің бас қаласы Астана мен Алматыдағы су тасқыны мәселесі тек көшелерде емес, элиталы тұрғын үй кешендерінің ішіне де еніп кетті. Әлеуметтік желілерде соңғы екі күнде бірден үш тұрғын үй кешенінен су басу туралы бейнежазбалар тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Мәселен, Астанадағы «Bazis» компаниясы салған «Grand Monaco» кешенінде көшедегі су паркингке еркін ағып жатыр, деп хабарлайды тұрғындар. Ал ең қызығы – BI Group салған «Арнау» тұрғын үй кешенінде су төбеден сорғалап тұр, бұл құрылыс сапасының деңгейін айқын көрсетеді. Алматыдағы «Алтын Бұлақ-2» кешенінде де канализация бітеліп, кеңселер мен дүкендер су астында қалып, кәсіпкерлер шығынға батуда. Халықтың мүлкі құрдымға кетіп жатқанда, құрылыс алпауыттары мен жергілікті әкімдік бұл мәселені шешуге асығар емес. Сапасыз үйлерді қолданысқа қабылдаған шенеуніктер мен құрылысшылардың жауапкершілігі қайда? Тұрғындар өз құқықтарын кімнен қорғауды білмей отыр.

    Видео: @syrmedia.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →