«Таиландтан кешірім сұраймын»: Пхукетте ұсталған қазақстандық мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скрин
Пхукетте қарасора салынған құтыны дүкеннен алып кеткен деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы жасаған әрекеті үшін Таиланд халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 24 шілдеде Патонг ауданында болған. Бақылау камераларына түскен кадрларда қазақстандықтың дүкен қызметкері қоймада болған сәтті пайдаланып, қарасора салынған құтыны алып, еш кедергісіз шығып кеткені көрінеді. Оқиғаға сол сәтте дүкенде болған екі сатып алушы куә болған.
Кейін ер адамды Таиланд полициясы тауып, ұстады.
Таиландта марихуана ұрлады деген күдікпен ұсталған қазақстандық көпшілік алдында кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үлкен қателік болған және мұндай әрекет енді ешқашан қайталанбайды.
«Маған кешірім сұрауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет. Үлкен қате іс істедім. Енді ешқашан қайталанбайды. Мәңгілікке. Таиландтан кешірім сұраймын. Барлық тай халқынан кешірім сұраймын. Сіздің құтыдағы марихуанаңызды ұрлағаным үшін кешірім өтінемін. Маған кешірім сұрауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет. Менің үлкен қатем болды. Енді ешқашан қайталанбайды. Сондай-ақ елге деген сүйіспеншілігімді білдіремін. Таиландтан кешірім сұраймын», – деді қазақстандық ер адам.
