Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады Қырғызстанда «Арашан» қошқары 1 миллион долларға сатылды Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады Қырғызстанда «Арашан» қошқары 1 миллион долларға сатылды Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды

    Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты

    Әнші Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандырып жатқанын мәлімдеді. Ол өміріне өкініші жоқ екенін, балаларының әкесімен араласып тұратынын айтты.

    Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты

    Сурет: kznews.kz

    Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған әнші Сандуғаш Стамғазиева шығармашылығын қайта жандандырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі өміріне еш өкініші жоқ екенін, Алтынбектің бірінші әйеліне деген көзқарасының жақсы екенін айтты. Ол: «Қайта ол кісіге рахмет айтамын. Ол кісімен кездесіп, бір дастарқан басында отырмасам да, мен тілекшімін. Жүздескен жоқпын. Бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Мен қашан болмасын, адамға жамандық ойлаған емеспін. Ол кісінің даналығы, тәрбиесі, Алтекеңе деген сыйластығы, құрметі шығар. Бір-бірімізге алакөздік жоқ. Ал халық артық кетсе, ол тақырыпты жауып қоямын. Қайсысының ауызына қақпақ боламын?», – деді.

    Сонымен қатар әнші бүгінгі таңда әркім өз отбасымен өмір сүретінін, қыздарының әкесімен араласып тұратынын жеткізді. Ол балаларының әкесі туралы көп айтылатынын, бірақ ол ешкімді ажыратып алмағанын, әркім өз отбасымен өмір сүріп жатқанын атап өтті. «Егер мен отбасы бұзғыш болсам, ол кісінің өмірі мүлде басқа болатын еді. Ондай дүние болған жоқ. Балаларына көзқарасы да жақсы. Алтынбек амандығымды балалар арқылы біліп отырады. Қыздар әкесінің махаббатын, тәлім тәрбиесін алып жатыр. Мен ештеңеге қарсы болмаймын. Жақсы болсын, жаман болсын – әкесі. Екеуі де әкесін жақсы көреді. Қазіргі таңда балаларға көмектесіп, ақылдасып, өзара араласып тұрады. Мен әкесіне қарай итеремін. Қызым сұранса да, «Әкеңмен сөйлес, ақылдас» деп отырамын», – деді Сандуғаш Стамғазиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →