Мөлдір Әуелбекованың экс-күйеуінің жұрт назарын аудартқан фотосы желіде тарады
Әнші Мөлдір Әуелбекованың экс-күйеуі Арыстанның қазіргі әйелімен түскен фотосы желіде тарады. Жұрт оның орамал таққанын талқылап жатыр.
Сурет: sn.kz
Әлеуметтік желіде танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы жары Арыстанның қазіргі әйелімен бірге түскен суреті кең тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Фотоға қарағанда, оның да орамал таққанын байқаған қолданушылар әртүрлі пікір білдірді.
“Тек жас әйел алады екен”, “Алған әйелдерінің бәрін орандыра береді екен”, “Мөлдір осы қыздай болмады ма сонда”, “Қалай жап-жас болып баласы бар еркекке тиіп алады осылар”, “Мөлдірдің бұрынғы күйеуі мәз ғой”, – деп жазды оқырмандар.
