Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО)

    Дариға Назарбаева Forbes тізімінде 20-орынға түсті

    Дариға Назарбаева Forbes тізімінде 20-орынға түсті, оның дәулеті 550 млн долларға бағаланды. Динара Құлыбаева 3-орынға көтерілді.

    Дариға Назарбаева Forbes тізімінде 20-орынға түсті

    Сурет: dalanews.kz

    2026 жылғы ең бай қазақстандықтар рейтингінде Дариға Назарбаева 20-орынға орналасты. Forbes журналы оның дәулетін 550 миллион доллар деп бағалады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Былтыр Назарбаева аталмыш тізімде 17-орында еді, ал оның капиталы 571 миллион долларға бағаланған. Яғни, бір жыл ішінде оның байлығы 21 миллион долларға кеміп, рейтингте үш саты төмендеген.

    Forbes басылымы дәулеттің азаюына нақты не себеп болғанын түсіндірмеген.

    Дариға Назарбаева ұлы Нұралы Әлиевпен бірге «Европа плюс Қазақстан» және «Независимый Телевизионный Канал» компанияларының иесі. Сонымен қатар оның «DLS Group» холдингі арқылы «Регион-Медиа», «Наружная Реклама-Регионы» және «Телефабрика «Дала»» компанияларында үлестері бар.

    Ал оның қарындасы Динара Құлыбаева биыл рейтингте үшінші орынға көтерілді. Forbes оның байлығын 5,4 миллиард доллар деп бағалаған. Өткен жылы ол 5,3 миллиард доллар дәулетімен төртінші орында болған.

    Динара Құлыбаева жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге «Алмэкс» холдингі арқылы Halyk Bank акцияларының 61,99 пайызына иелік етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →