Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Ақтөбеде емтихандар апатпен аяқталуда: жүргізушілерді қалай даярлап жатыр? Геннадий Головкин Моңғолия ҰОК басшысымен маңызды келісімге қол қойды Шикізат ел игілігіне жұмыс істеуі тиіс: Қазақстанның мыс өнеркәсібіндегі болашағы Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды «Су жоқ, ағаштар қурап жатыр»: Балқаштағы саябақтың жағдайы тұрғындарды алаңдатты Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Ақтөбеде емтихандар апатпен аяқталуда: жүргізушілерді қалай даярлап жатыр? Геннадий Головкин Моңғолия ҰОК басшысымен маңызды келісімге қол қойды Шикізат ел игілігіне жұмыс істеуі тиіс: Қазақстанның мыс өнеркәсібіндегі болашағы Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды «Су жоқ, ағаштар қурап жатыр»: Балқаштағы саябақтың жағдайы тұрғындарды алаңдатты

    Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр

    Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлердің жұмыс істемеуіне жолаушылар шағымданды. Компания себепті растап, күрделі жөндеуді пысықтап жатыр.

    Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр

    Сурет: tengrinews.kz

    Астанада ауа температурасы +31 градусқа дейін жылыды. Нұрлы жол теміржол вокзалында кондиционерлердің жұмыс істемеуіне жолаушылар шағымданды. Магистральдық желі дирекциясы ақаулықты растап, себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желілерде жолаушылардың вокзал ғимаратындағы аптап ыстыққа қатысты шағымдары пайда болды. Келушілердің айтуынша, бөлмелерде ауа баптағыштар істемейді.

    Компания вокзал ғимаратында ауа баптау мен желдету жүйелерінде ақау туындағанын растады. Оның себебі — жабдыққа уақытылы техникалық қызмет көрсетілмеуі.

    «Жабдыққа уақытылы техникалық қызмет көрсетпеген мердігер ұйымға қатысты талап-арыз жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қолданыстағы ауа баптау және желдету жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қарастырылуда», – делінген компания хабарламасында.

    Компания жолаушылар мен шығарып салушылардан кешірім сұрағанымен, кондиционерлердің жұмысы қашан толық қалпына келетінін нақтыламады.

    Бұл Нұрлы жол вокзалының жай-күйіне қатысты алғашқы шағым емес. Бұған дейін жолаушылар дәретханалардың тазалығына назар аударған болатын. Сол кезде желіде қолжуғыштардағы кір, лас едендер мен күтімсіз дәретханалардың фотосуреттері тарады.

    ҚТЖ бұл ретте тазалық әр сағат сайын жүргізілетінін, ал мәрмәр беттердегі сары дақтар материалдың табиғи тозуынан екенін мәлімдеді. Сондай-ақ компания санитарлық тораптарды жаңа дизайн-жоба бойынша кезең-кезеңімен жөндеуді бастағанын хабарлады.

    Одан бұрын билік пен ҚТЖ елорданың теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы бөлінетінін айтқан еді, бірақ бұл Астана-1 вокзалына қатысты еді.

    Еске салайық, қалада аталған вокзалдың ауқымды реконструкциясы жүріп жатыр. Tengrinews.kz тілшілері наурыз айында аумақты аралап, оның қазіргі жағдайын көрсеткен болатын. Астана-1 жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

    Жалпы, 2026 жылдың соңына дейін ҚТЖ 120-дан астам теміржол вокзалын жөндеуді жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →