Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Наска маңындағы ұшақ апаты: 13 адам қаза тапты

    Перудегі Наска геоглифтеріне апарған ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Олардың қатарында Италия, Испания, Германия азаматтары бар.

    Наска маңындағы ұшақ апаты: 13 адам қаза тапты

    Сурет: ult.kz

    Перудегі Наска геоглифтері маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 13 адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Рейтер агенттігі Перу билігіне сілтеме келтіріп, қаза тапқандар арасында Италия, Испания және Германия азаматтары, сондай-ақ экипаждың екі мүшесі бар екенін жеткізді.

    Бастапқы дерек бойынша, апатқа ұшыраған «Сессна Карван» әуе кемесі Наска геоглифтерінен шамамен 19 шақырым қашықтықта орналасқан Сокос елді мекені маңына құлаған.

    Ұшақ Перудің «Аэродиана» әуе компаниясына тиесілі болған. Бұл әуе кемесі туристерге атақты Наска геоглифтерін аспаннан тамашалауға мүмкіндік беретін экскурсиялық рейстерді орындауға арналған.

    Әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 50 минут өткен соң экипаж Наска әуежайының диспетчерлік қызметіне төтенше жағдай туралы хабарлаған. Алайда біраз уақыттан соң байланыс толық үзіліп, кейінірек ұшақтың құлағаны расталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →