Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды

    Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды

    Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды

    Таиландта із-түзсіз жоғалған 22 жастағы Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман Назимовтың қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. ақпарат порталы.

    Жергілікті Thairat басылымының мәліметінше, күдіктілер қылмысты мойындап, мәйіттерді жасыру үшін таулы аймақта жерлегендерін айтқан.

    Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысты жергілікті топтың жетекшілері Понг пен Тонг жасаған. Олар бойжеткенді соққыға жығып өлтірген, ал оның інісін атып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа ағайындылардың Honda ADV 150 маркалы мотоциклін иемдену ниеті түрткі болған.

    Полиция күдіктілердің ізіне дәл осы мотоцикл арқылы түскен. Чонбури провинциясындағы ескі зират маңында күмәнді әрекетті байқаған тұрғынның хабарламасынан кейін тәртіп сақшылары жаңадан көмілген жерді тексеріп, бөлшектелген мотоциклді тапқан. Осыдан соң қылмыскерлердің жасырынуына көмектесті деген күдікпен Хой және Пханг есімді екі адам ұсталды.

    SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, Назимовтар отбасы Таиландқа бес жыл бұрын қоныс аударған. Жоғалып кетер алдында Диана анасына өзін біреулердің аңдып жүргенін айтып, телефонында белгісіз Bluetooth құрылғысы анықталғанын хабарлаған. Таңғы сағат 04:26-да оның телефонынан «Urgent!» («Шұғыл!») деген соңғы хабарлама келіп, содан кейін байланыс толық үзілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →