Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты

    Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты

    Фото: Қостанай облыстық ПД

    Қостанай облысындағы Қостанай – Қарабұтақ тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьяновка ауылының маңында болған.

    Chery Cowin және Mazda 626 автокөліктері соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mazda 626 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен оның жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды.

    Chery Cowin көлігіндегі тағы үш жолаушы мен Mazda 626 жүргізушісі түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

    Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасамауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →