Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Пәкістанның Хангу ауданындағы шабуылда 15 адам қаза тапты, 22 адам жараланды

    Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Хангу ауданында болған шабуылда жеті полиция қызметкері мен сегіз лаңкес қаза тапты. Тағы 22 адам жараланды.

    Пәкістанның Хангу ауданындағы шабуылда 15 адам қаза тапты, 22 адам жараланды

    Сурет: ulysmedia.kz

    АФП-тің нақтылауынша, шабуыл кезінде жеті полиция қызметкері мен сегіз лаңкес қаза тапты. Тағы 22 құқық қорғау органы қызметкері жарақат алды. Оқиға 29 шілдеде Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Хангу ауданында болды. Бұл шабуылды ешбір топ өз мойнына алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл — аймақтағы соңғы күндердегі екінші ірі шабуыл. Өткен жұмада лаңкестер Танк ауданындағы бақылау-өткізу бекетіне жарылғыш зат толтырылған көлікпен соқтығыстырды. Сонда 15 адам қаза тауып, 12 шабуылдаушы жойылды.

    Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы ахуал «Техрик-е Талибан Пакистан» тобының белсенділігіне байланысты шиеленісіп тұр. Исламабад шабуылдар санының артуын Ауғанстандағы лаңкестердің әрекетімен байланыстырады, алайда Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →