Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқармақ болып қаза тапты Пәкістанның Хангу ауданындағы шабуылда 15 адам қаза тапты, 22 адам жараланды 1 тамызға арналған ресми валюта бағамдары жарияланды Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқармақ болып қаза тапты Пәкістанның Хангу ауданындағы шабуылда 15 адам қаза тапты, 22 адам жараланды 1 тамызға арналған ресми валюта бағамдары жарияланды

    Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    Фото: pixabay

    Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қайғылы оқиға 30 шілде күні Есіл ауданында, Қалашы ауылының маңында болған.

    ТЖД мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, ол суға секірген кезде басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін ағыс оның денесін алып кеткен.

    Іздестіру жұмыстары кеше басталған. Сүңгуірлердің жұмысына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірген. Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен жерден табылып, жағаға шығарылды.

    Шомылу маусымы басталғалы бері Ақмола облысының су айдындарында 26 адам қаза тапқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →