Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі Бурабайдағы жағажай дауы: суға тегін кіру кімнің құқығы? Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі Бурабайдағы жағажай дауы: суға тегін кіру кімнің құқығы?

    Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді

    Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлы Рашид Кадировты отанына қайтаруды өтініп, ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

    Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді

    Сурет: alash.kz

    Ақтөбе тұрғыны Нұрхан Қадыров Грекияда екі жылға жуық уақыт түрмеде отырған 24 жастағы ұлы Рашид Кадировты атамекенге қайтаруға жәрдемдесуді сұрап, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өтініш білдірді — деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот шешімімен отандасымыз 125 жылға бас бостандығынан айырылып, сонымен қатар ірі көлемде айыппұл арқалаған.

    Жігіттің анасының айтуынша, ол әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы Түркияда туристерге арналған моторлы қайықты жүргізу жұмысына орналасқан. Бірақ шын мәнінде ұйымдасқан қылмыстық топтың тұзағына түсіп, Грекияға заңсыз келушілерді тасымалдауға мәжбүр болған. Сол елде ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Қадыровтың сөзінше, оның ұлы бұл заңсыз әрекетті ұйымдастырмаған, қайықтар да оған тиесілі болмаған. Тергеу мен сот барысында аудармашы қарастырылмағандықтан, жас жігіт құжаттардың мазмұнын түсінбей қол қоюға мәжбүр болған. Сот тағайындаған айыппұл қазақстандық валютамен есептегенде шамамен 1 миллиард теңгені құрайды.

    Қазіргі уақытта отбасы онымен сирек байланыса алады, азық-түлік пен гигиеналық заттарға ақша аударып отырады. Жігіт екінші сот отырысын күтуде.

    Журналистер бұл оқиға бойынша Сыртқы істер министрлігіне арнайы сауал жолдағанымен, әзірге ресми жауап келмеген.

    Айта кетерлігі, бұған дейін Ресей азаматы Андрей Кайзер де осындай жағдайда Грекияда ұсталып, 125 жылға сотталғаны туралы мәлімет тараған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →