Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Меруерт Түсіпбаева Мақсат Толықбайдың Құрылтайға баруына қарсы

    Әнші Меруерт Түсіпбаева экс-депутат Мақсат Толықбайды сынға алып, оның Құрылтайға баруына қарсылық білдірді. Толықбайдың бұған дейінгі ұсыныстары да қоғамда талқыға түскен.

    Меруерт Түсіпбаева Мақсат Толықбайдың Құрылтайға баруына қарсы

    Сурет: sn.kz

    Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева экс-депутат, журналист Мақсат Толықбайды сынға алып, оның Құрылтайға қатысуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасында көпіріп сөйлеп, аузымен орақ оратындардың Құрылтайға баруына қарсы екенін білдіріп, Мақсат Толықбайға күмәнмен қарайтынын айтты. «Мақсат кезінде жақсы тамада еді, негізі. Вот сол кезде, өз орнында еді. Ал, енді мынандай ой- өріспен, IQ — мен қалай Парламентте депутат болды талай жылдар бойы?? Осы Мақсат /Ринаттар қандай мәселе көтерді? Халықтың жоғын жоқтады ма? Мен білмесем, жазыңдаршы? Кино түсуруге келген Джеки Чаннан Ақтау халқы неге су сұрады? Осы Мақсат сияқтылар не үшін депутат болдым, қандай мақсатпен деп ойлай ма?! Блогер-шмогер, әнші/күйші, спиртсмен. Ауызымен орақ оратын ақын-журналюги керек емес #құрылтай2026-ға . Әркім өз орнын білсін !! Мақсат кезінде жақсы тамада еді , негізі», — деп жазды ол.

    Еске салайық, бұған дейін Мақсат Толықбай «Мұзарт» тобына алып аллея ашып, ескерткіш орнату керек, салынатын тұрғын үй кешеніне детоптың атын беру керек деген еді. Оның бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары экс-депутатты арзан атақ пен хайп қуған деп сынға алды. «Тойларға барып ән салғаны үшін бе», «Алаш арыстарына ескерткіш қойсын оданда», «Елімізде басқа проблема көп», «Бұлардікі тек жағымпаздық» деген сарында сыни пікірлер толастар емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →