Мөлдір Мұқан әкелерге үндеу жасап, желіде дау тудырды
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде әкелерге үндеу жасап, балаларын тастамауға шақырды. Оқырмандар жазбаны бұрынғы жұбайына қатысты деп болжауда.
Сурет: ozgeris.info
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында әкелерге үндеу жасап, шулы жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жазбасында ол әкелерді ақ некемен дүниеге келген ұл-қыздарын тастамауға шақырған. «Олар өмірге келгеніне кінәлі емес. Тастағандар Алланың аманаттарына қиянат жасағандар. Үлкен күнә…» деп көрсеткен. Оқырмандар мұны продюсердің бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатовқа бағытталған деп санайды.
