Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

    Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

    Фото: pixabay

    Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрып жатқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

    Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.

    Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеп жатыр.

    Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →