Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен атом электр станциясын салу мәселелерін талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті

    28 миллиард доллардан астам соманы құраған екіжақты сауда көлемі — Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың жоғары деңгейін көрсетеді. Осы аптада екі елдің Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбы қаласында өткен ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Омбы төрінде көрсеткен қонақжайлық үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, форум аясындағы бүгінгі жүздесу Қазақстан мен Ресей ықпалдастығының негізгі бағыттарындағы жан-жақты диалогты жалғастырып, алдағы қадамдарды нақтылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    – Біз – аса ірі сауда серіктестеріміз. Былтыр сауда көлемі шамамен 28 миллиард долларды құрады. Биылғы беталысымыз да өте жақсы. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл бес айда өзара сауда көлемінің қарқыны айтарлықтай арта түсті. Ресей экономикамызға инвестиция салатын елдердің арасында көш бастап тұр. Инвестиция көлемі шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында жалпы құны 53 миллиард доллар болатын 177 перспективті өнеркәсіп жобасының тізімі жасақталды. Оның 122-сі іске асырылды. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайды ескерсек, бұл – көңіл қуантатын жетістік, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы гуманитарлық саладағы ықпалдастық деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалын ашуға қолдау білдіргені үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын бірлесе салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы да пікір білдірді. – Маған Балқаш көлі маңында нысан орнын дайындау жұмыстары аяқталуға жақындағанын баяндады. Бұл жоба Қазақстан аумағында энергияның жаңа түрін өндіруге ғана қатысты емес. Ол сонымен қатар мемлекеттеріміздің, ең бастысы, халықтарымыздың және өскелең ұрпақтың арасында алтын көпір болады. Өйткені біз Ресей көмегімен техникалық кадрларды, кейін атом индустриясы сияқты аса күрделі салада жұмыс істейтін жергілікті қазақ мамандарын даярлағымыз келеді, – деді Қазақстан Президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →