Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап»: Бақыт Тұрман танымал коучты қатаң сынға алды

    Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті

    Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті

    Фото: pixabay

    Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

    Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    «Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

    Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →