Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген

    Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген

    Фото: pixabay

    Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азамат өз анасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бейресми ақпараттарға сәйкес, күдікті шамамен 40 жаста және оған бала кезінен церебралды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға олардың өз үйінде болған. Азамат туған анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, әйел оқиға орнында көз жұмған.

    Қазіргі уақытта мұндай қадамға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға дейін анасы ұлымен бірге тұрып келгені айтылады.

    Түркістан облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

    «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →