Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты •

    Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты

    Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты
    Фото: rg.ru

    23 шілдеде Йемендегі Иран қолдайтын хусит қозғалысының Қызыл теңізде Сауд Арабиясының екі мұнай танкеріне шабуыл жасағаны туралы мәлімдемесінен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы мамыр айынан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты.

    Хуситтердің мәліметінше, Encelia және Layla танкерлеріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасалған. Бұл туралы BBC мәлім етті.

    Сауд Арабиясының SPA мемлекеттік ақпарат агенттігі ресми дереккөзге сілтеме жасап, Encelia танкеріне тиген соққы салдарынан кеменің тұмсық бөлігінде өрт шыққанын хабарлады.

    Бұл оқиға хуситтердің Сауд Арабиясына қарсы «теңіз эмбаргосын» жариялағаннан кейінгі алғашқы шабуыл ретінде бағаланып отыр.

    Шабуыл туралы ақпарат тарағаннан кейін бейсенбі күні Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 6 пайызға өсіп, барреліне 100 доллардан асты.

    Bloomberg агенттігінің мәліметінше, мұнай бағасының қымбаттауына Қызыл теңіздегі жағдаймен қатар бірнеше фактор ықпал еткен. Олардың қатарында Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысының тоқтауына байланысты Қазақстандағы мұнай өндірісінің қысқаруы, әлемдік мұнай қорларының азаюы және АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →