Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды
29 жастағы саудиялық ханзада Абдулла бин Фахад әл-Сауд Лондондағы Marriott қонақ үйінен өлі күйінде табылды. Қанынан алкоголь мен есірткі іздері табылған. Өлімге жүрек тоқтауы себеп болған.
Сурет: tengrinews.kz
29 жастағы саудиялық ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави әл-Сауд Лондонның батысындағы Кенсингтондағы Marriott қонақ үйінен өлі күйінде табылды. Ол Сауд Арабиясы патшасының алыс туысы болып келеді. Ханзаданың денесі 2025 жылғы 25 қарашада элиталық қонақ үйдің жуынатын бөлмесінде табылған, алайда бұл туралы ақпарат БАҚ-та тек қазір жарияланды деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Басылымның айтуынша, қайтыс болған адамның қанындағы алкоголь мөлшері жүргізушілер үшін рұқсат етілген нормадан үш есе дерлік асып түскен. Сондай-ақ қанынан гамма-гидроксибутират, каннабис және ксанакс іздері табылған. Сараптама қайтыс болған адамда созылмалы ауруларды анықтаған жоқ. Мамандар өлімге алкоголь мен есірткі заттарының өзара әрекеттесуінен туындаған жүрек тоқтауы себеп болғанын анықтады.
Анықталғандай, қайтыс болудан үш ай бұрын ер адам Лондондағы жеке клиникалардың бірінде терапиядан өткен. Емдеу оның есірткі және алкогольге тәуелділігімен күресуге бағытталғаны айтылады.
