Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды

    Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды

    Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Премьер-министр көлік құралдарын заңсыз әкелудің алдын алу шаралары жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

    Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

    «Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін.

    Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет»,

    — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →