Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты •

    Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді

    Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың белгілері, салдары және алғашқы көмек шаралары туралы ескертеді. Аптап ыстықта сақ болыңыз.

    Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді

    Күн қатты ысып, еліміздің көптеген аймағында аптап ыстық орнады. Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды ыстық өткізіп алудан сақ болуға шақырып, оның алғашқы белгілері мен алғашқы көмек шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ыстық өткізіп алудың негізгі белгілеріне дене температурасының күрт көтерілуі, әлсіздік пен бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сондай-ақ есеңгіреу мен естен тану жатады. Егер адамға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе, шамадан тыс ыстық миды, жүректі, бүйрек пен басқа да өмірлік маңызы бар органдарды зақымдап, ең ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

    Осындай белгілер анықталған жағдайда жедел жәрдем (103) шақыру қажет. Дәрігерлер келгенше науқасты көлеңкеге жатқызып, денесін сулы орамалмен салқындатып, желдету ұсынылады. Сондай-ақ аптап ыстықта далада көп жүрмеу және суды көбірек ішу маңызды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →