Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты

    Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды

    Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды. ІІМ тергеу жүргізіп, сайттың қызметі тоқтатылды. Алты менеджер сотталды.

    Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды

    Сурет: kaztag.kz

    14 шілдеде Грузияда Kyzdar.net сайтына қатысты халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айының басында Интерпол Ұлттық орталық бюросының көмегімен Грузияда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Ол да жоғарыда аталған адамдармен байланысты сайт менеджері болып табылады. Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

    Тергеу аясында ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Kyzdar.net сайтының қызметін тоқтату шараларын қабылдады. Ведомствоның дерегінше, мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, Қазақстан аумағында интернет-ресурсқа кіру шектелген.

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына процессуалдық тапсырмаларды орындауға, электрондық дәлелдемелер алуға және серверлік инфрақұрылымға қатысты одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізуге бағытталған халықаралық құқықтық көмек тетіктері іске асырылуда, — деп атап өтті ведомствода.

    Kyzdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушыларына қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұйымдастыру немесе ұстау, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және қарауылдау (ҚК 309-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеуді ІІМ қызметкерлерінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) «Криптон» арнайы бөлімшесінің қатысуымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы прокуратураның қадағалауымен жүргізуде.

    Бұдан басқа, маусым айының басында ІІМ ҚМА-мен бірлесіп қылмыстық істің негізгі фигуранттарын ұстағаны хабарланды. Қазіргі уақытта тергеу олармен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметін, сондай-ақ интернет-ресурстың құрылу және жұмыс істеу жағдайларын тексереді. ІІМ дерегінше, қажетті тергеу және процессуалдық іс-әрекеттер жалғасуда.

    ҚМА-мен бірлесіп қылмыстық іс фигуранттарының қаржылық ағындарын, мүліктік активтерін және қаржы-шаруашылық қызметін, сондай-ақ олармен байланысты жеке және заңды тұлғаларды зерттеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық іс үшін маңызы бар мүлікті анықтау және сақталуын қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген барлық шаралар қабылдануда. Қылмыстық іс бойынша интернет-ресурсты ұйымдастыруға, техникалық сүйемелдеуге және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық анықталған адамдарға қатысты тергеу, жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралардың толық кешені жүргізілуде. Тергеудің барлық бағыттары бойынша жұмыс жалғасуда, — деп қосты министрлік.

    Сондай-ақ маусым айында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Kyzdar.net сайтының алты менеджеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Тергеу деректері бойынша, олар сайттың Қазақстандағы қызметіне жәрдемдескен.

    Сот оларды трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұйымдастыру немесе ұстау және қарауылдау бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушылардың бірі заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша да кінәлі деп танылды.

    Бір фигурант 10 жыл бас бостандығынан айырылды, тағы бесеуі мүлікті тәркілеумен сегіз жылға сотталды.

    Сот үкімін орындау және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында күдіктілердің мүлкіне, ақша қаражатына және өзге де активтеріне тыйым салуды қоса алғанда, қылмыстық-процестік заңнамада көзделген қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді, — деп түйіндеді ведомство.

    Еске сала кетейік, 15 маусымда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары Алматыда ұсталғаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →