Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр?

    Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр?

    Фото: видеодан скрин

    Жамбыл облысы, Шу қаласына қарасты Жайсаң-6 ықшам ауданының тұрғындары жылдар бойы қордаланған инфрақұрылымдық және санитарлық мәселелердің құрсауында күн кешуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

    Жергілікті тұрғын Ғалия Әбітаеваның айтуынша, мұнда жаяу жүргіншілерге арналған тротуар атымен жоқ, ал тас қараңғы көшелер халықтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп тұр. Орталық көшеде қоғамдық көлік аялдамасының жасалмауы, тал-дарақтардың суарылмауы және қаңғыбас иттердің қаптауы аймақтағы санитарлық жағдайды мүлдем нашарлатып жіберген. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің атына жолданған бұл арыз өңір әкімдігінің халықтың ең қарапайым тұрмыстық мұқтаждарына көз жұма қарап отырғанын анық көрсетеді.

    Атқарушы биліктің өз міндетіне селқос қарауының кесірінен, Шу өңіріндегі заманауи абаттандыру мен тазалық жұмыстары тек қағаз жүзінде ғана орындалып жатқандай әсер қалдырады. Шенеуніктер бұл әлеуметтік сорақылықты тезірек қолға алмаса, халықтың жергілікті басқару органдарына деген сенімі мүлдем жоғалатыны анық.

    Видео: galiyadilovna

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →