Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген Атырауда аптап ыстық: тұрғындар қоғамдық көліктерде кондиционердің жоқтығына шағымданды Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады Қазақстан балуандары Мадридтегі Гран-приде 24 медаль жеңіп алды Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Түтінге уланып қалды: ШҚО-да өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

Миландағы көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі: Ерекешева тоғызыншы орында

Италияның Милан қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Ақмарал Ерекешева тоғызыншы орынға ие болды. Толығырақ Qazaqtoday.info сайтында.

Миландағы көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі: Ерекешева тоғызыншы орында

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жеке жарыста Қазақстан құрамасынан Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы сынға түсті.

Ең үздік нәтижені Ерекешева көрсетті. Қазақстандық гимнаст таяқтармен жаттығуда тоғызыншы орынға ие болды. Көпсайыста ол 11-орын, шеңбермен жаттығуда 13-орын, таспамен 15-орын, доппен 18-орынға тұрақтады.

Ертайқызы көпсайысты 32-орынмен аяқтады. Таспамен жаттығуда Айбота 12-орын, доппен 22-орын, шеңбермен 35-орын, ал таяқтармен 63-орын алды.

Сонымен қатар Қазақстан Әлем кубогы кезеңінде топтық жаттығуларда да бақ сынады. Қазақстандық гимнасттар көпсайыста 15-нәтиже көрсетті. Бес доппен жаттығуда олар 19-орын, ал үш шеңбер мен екі жұп таяқпен жаттығуда 12-орын алды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →