Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті
Фото: polisia.kz
Алматыда Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы қыз биіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 11 шілдеге қараған түні болған. Қыз құлаған кезде бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен. Зардап шеккен бойжеткен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, оқиғаға дейін қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткеннің жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
