Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты

Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты

Фото: ҚТЖ

Қостанай қаласында пойыз вагонына шығып суретке түспек болған жасөспірім жоғары кернеулі тоққа түсіп, күйіп қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Осы оқиғадан кейін оның заңды қамқоршысы кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты істі қарады. Сот материалдарына сәйкес, 2010 жылы туған жасөспірімнің қамқоршысы болып табылатын азамат Б. баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген.

Оқиға Қостанай станциясындағы Оңтүстік теміржол паркінің аумағында болған. Бала  суретке түсу мақсатында байланыс желісінің астында тұрған пойыз вагонының төбесіне шыққан. Сол сәтте жоғары кернеулі электр тогына түсіп, ауыр жарақат алған.

Дәрігерлер баладан денесінің 60 пайызын қамтыған III дәрежелі күйіктен болған шокты, сондай-ақ мұрны мен тілінің соғылып жарақаттанғанын анықтаған.
Жасөспірімнің анасы қайтыс болғаннан кейін нағашыларының қолына барған. Алайда заңды қамқоршысы атанған өгей шешесі балаға көңіл аудармаған. Қамқоршылық міндетін дұрыс атқармаған азаматқа айыппұл салынды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →