Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі •

    Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

    Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған Ақсай өзеніндегі сүзгі станциясы бар жаңа су тарту нысанының салтанатты іске қосылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жаңа нысан қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалардың бірі. Ол қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарды сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Нысанның тәуліктік өнімділігі – 22 мың текше метр су.

    Жоба аясында су тарту құрылысы мен заманауи су дайындау кешені салынды. Нысанның желілік бөлігінің жалпы ұзындығы 7 шақырым болса, оның 5,9 шақырымы магистральдық су құбырына тиесілі. Сонымен қатар автокөлік көпірлері, сел өткізгіш құрылыстар, акведуктер, тіреу қабырғалары мен кірме жолдар бой көтеріп, жол белгілері мен қорғаныс қоршаулары орнатылды.

    Станцияда суды тазартудың толық заманауи циклі енгізілген. Мұнда радиалды тұндырғыштар, құйынды араластырғыштар, кварц құмы қолданылатын жедел сүзгілер, электролиз және реагенттік блоктар, сондай-ақ суды залалсыздандыру және сусыздандыру жүйелері салынды. Тазартылған суды сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 10 мың текше метр болатын екі резервуар қарастырылған.

    Барлық технологиялық үдеріс толық автоматтандырылған. Басқару бірыңғай диспетчерлік орталық арқылы жүзеге асырылады. Бұл орталық өзеннен су алудан бастап, оны тазарту және тұтынушыларға жеткізуге дейінгі барлық кезеңді тәулік бойы үздіксіз бақылап отырады. Сондай-ақ мұнда заманауи мониторинг жүйелері, су шығынын бақылау құралдары және бейнебақылау кешені орнатылған.

    Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар және Шұғыла шағынаудандарының, сондай-ақ Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылдарының тұрғындары тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы қамтылатын халық саны 100 мыңнан асады.

    Жаңа станцияның пайдалануға берілуі Алматы қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам саналады. Бұл жоба ауыз суды үздіксіз әрі сенімді жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың одан әрі дамуына қажетті инженерлік әлеуетті күшейтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →