Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді
Израиль АҚШ-қа Иранның президент Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді. Иран Трамптан кек алуды жалғастыруда.
Израиль АҚШ-қа Иранның президент Дональд Трампқа қарсы жаңа қастандық жоспарын әзірлеп жатқаны туралы барлау мәліметтерін тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
The Wall Street Journal басылымының жазуынша, бұл деректер Иранның Трампқа қастандық жасаудың жаңа жоспарын дайындап жатқанын көрсетеді. Иран бірнеше жылдан бері Трамптан кек алатынын ашық мәлімдеп келеді. Бұған 2020 жылы Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде Иранның ықпалды әскери қолбасшысы генерал Қасем Сүлейманидің АҚШ соққысынан қаза табуы себеп болған.
Өткен сәрсенбіде Анкарада журналистермен кездесуінде Трамп та өз өміріне төнген қауіп туралы айтты. «Олар АҚШ көшбасшысын – мені өлтіргісі келеді. Мен олардың барлық тізімінде бармын. Бүгін таңертең де соны көрдім. Осы уақытқа дейін жолым болып келді деп ойлаймын, бірақ бұл мәңгі жалғаса бермеуі мүмкін», – деді ол. Иран тарапы бұл ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
