Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Президент G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа сапар жасайтынын айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Президент сенаторды АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың тұрақты өсіміне назар аударды.

    Президент өткен жылдың қараша айында АҚШ-қа сапары кезінде қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

    Мемлекет басшысы сенатор Стив Дэйнске Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелерінде елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →