Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ

    Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ

    Фото: © istockphoto.com

    Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға қойылған шектеуді ұзартуы мүмкін. Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

    Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен ел аумағынан шығаруға тыйым салу ұсынылып отыр.

    Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жөнелтілетін жеткізілімдерге де қатысты болады.

    Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым енгізу жоспарланған.

    Ұсынылып отырған шектеулер алты айға есептелген.

    Сонымен бірге бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Тыйым гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілетін жүктерге және Қазақстан Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылатын экспортқа қолданылмайды.

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтуға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →