Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті Қостанайда ашық люк көлікті қиратты: Әкімдік тағы да қараусыз қалдырған Өскемен халқы егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттерден сескеніп отыр Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті Қостанайда ашық люк көлікті қиратты: Әкімдік тағы да қараусыз қалдырған Өскемен халқы егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттерден сескеніп отыр

Президент Берік Асыловты Бас прокурор қызметіне қайта тағайындады

Президент Берік Асыловты Бас прокурор қызметіне қайта тағайындады
gov.kz. Суретте: Берік Асылов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойған. Осылайша Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры қызметін одан әрі жалғастыратын болды.Бұған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде Қазақстанда бірқатар жоғары лауазымды тұлға қайта тағайындалуы тиіс екенін айтқан еді.Министрдің түсіндіруінше, жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес, ол күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде, яғни 2026 жылғы 1 шілдеден кейін Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалуы қажет.

Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын прокуратура саласында бастап, әр жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, сондай-ақ Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық лауазымдарда еңбек етті. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.

Кейін Батыс өңірлік көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры қызметтерін атқарды. 2010 жылы Президент өкімімен Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын басқарса, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. Ал 2019 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылғы 6 мамырда Президент жарлығымен Берік Асыловқа 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика