Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Қайтарылған 1,1 трлн теңге: әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестиция

    Қазақстанда ипотека бойынша жаңа ережелер енгізіледі

    2027 жылдан бастап Қазақстанда ипотека бойынша ЖТСМ шекті мөлшері LTV коэффициентіне байланысты 20% және 25% болады.

    Қазақстанда ипотека бойынша жаңа ережелер енгізіледі

    Сурет: kaztag.kz

    2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшеріне сараланған тәсіл енгізіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл шара қарыз сомасының кепіл мүлкінің құнына қатынасы (LTV) коэффициентіне байланысты болады. LTV мәні 0,7-ге дейін (қоса алғанда) болғанда ЖТСМ шекті мөлшері 20%, ал 0,7-ден жоғары болғанда 25% құрайды. Бұл туралы бірлескен қаулыда айтылған.

    Құжат Үкімет, Ұлттық банк және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында қабылданды.

    2026 жылдың 1 шілдесінен 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша шекті ЖТСМ қолданыстағы деңгейде – 25% сақталады. Бірлескен қаулы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →