Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Жезқазған — Қарағанды тасжолының сиқы: шұңқырлар ірі тастармен толып қалған

    Жезқазған — Қарағанды тасжолының сиқы: шұңқырлар ірі тастармен толып қалған

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде «ҚазАвтоЖол» компаниясы Жезқазған – Қарағанды тасжолындағы ірі шұңқырларды аяқ киім табанындай үлкен шақпақтастармен толтырып жатқаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Желі қолданушылары мен жүргізушілер мұндай адам сенгісіз жөндеу әдісіне және тас тасталған ойдым-ойдым жолдың көліктерге айтарлықтай зиян келтіріп жатқанына наразылық білдіруде. Айта кетерлігі, биылғы сәуір айында дәл осы жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына шамамен 650 миллиард теңге тартылатыны ресми мәлімделген болатын. Бұл қыруар қаржыландыру ісі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Алайда бөлінген миллиардтар мен жолдың қазіргі аянышты күйі жүргізушілердің орынды сұрақтарын туғызып отыр.

    Видео: politico_qazaqstan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →