Фото: видеодан скрин
Өскемен қаласындағы Аблакетка шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктердің мүшкіл халі әлеуметтік желіде үлкен талқылау тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Жолаушылардың айтуынша, бағыттағы автобустардың іші қалың шаңға батып, орындықтары мүлдем тазаланбайтын күйге жеткен. Бұл санитарлық нормалардың өрескел бұзылуы күнделікті қатынайтын тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіріп, үлкен қолайсыздық туғызуда.
Халық бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырмағанын және тасымалдаушы компанияның мұндай немқұрайлылығына әбден шегіне жеткенін айтады.
Видео: vko_kz24
