Басты бет » «Толғақ қысқан»: Алматыда жүкті әйел тұрғын үй ауласында босанды

«Толғақ қысқан»: Алматыда жүкті әйел тұрғын үй ауласында босанды

Фото: instagram.com/kris_p_almata

Алматыда фельдшерлер тұрғын үй кешенінің ауласында толғағы қысқан әйелді босандырып алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Telegram-дағы kris_p_almata арнасында Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданында толғағы қысқан келіншек тұрғын үй кешенінің ауласында босануға мәжбүр болғаны туралы ақпарат жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі ауладағы көліктер жолды жауып тастағандықтан шақырған үйге уақытылы жете алмаған.

«Жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде әйел толғатып жатқан. Жедел жәрдем көлігінде салмағы 3370 грамм қыз бала дүниеге келді. Нәресте бірден жылады. Жағдайға қарамастан, жедел жәрдем қызметкерлері баланы тез босандырып алды. Ана мен нәрестеге қажетті көмек көрсетіп, содан кейін оларды қалалық перинаталдық орталыққа жеткізді, онда күтім жасалып жатыр», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика