Фото: ТЖМ
Жамбыл облысы «Алматы–Ташкент» автожолының 560 шақырымы Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Жуалы ауданының маңында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай отқа оранды.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай толық жанып жатты.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт аз уақыттың ішінде түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
