Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды •

    «Құлдырап өшу тез»: Айнұр Тұрсынбаева кезекті рет ақыл айтып, жазба жариялады

    «Құлдырап өшу тез»: Айнұр Тұрсынбаева кезекті рет ақыл айтып, жазба жариялады

    Фото: instagram.com/aidyn_nury

    Танымал ақын әрі коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында адам өміріндегі даму мен өсу тақырыбына арналған мотивациялық жазба жариялады.

    Ол өмірде адамның алдында екі ғана жол бар екенін айтып, «не өсесің, не өшесің» деген ойымен бөлісті.

    «Өсу баяу жүреді, ал құлдырап өшу – тез. “Өмір” деген сөздің синонимі – өсу», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

    Коучтың айтуынша, адам өзін жетілдіруді тоқтатқан кезде біртіндеп өз жолынан адасып, кім екенін де ұмыта бастайды.

    «Егер сен өспесең, онда шын мәнінде өмір сүріп жатқан жоқсың. Егер бұл әлемге жаңа ештеңе әкелмесең, өмір сені шетке ысырып тастайды. Және өте тез», – деді ол.

    Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаева күн сайын кешегі өзіңнен бір қадам болса да алға жылжудың маңызын атап өтті.

    «Өсу – бұл тек ақша немесе мансап емес. Өсу – сананың кеңеюі. Өсу – қорқынышты жеңу. Өсу – жүректі ашу. Өсу – өз болмысыңа жақындау. Даму тоқтаған жерде өмір де тоқтай бастайды», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →