Фото: видеодан скрин
Қарағанды облысына қарасты Құшоқы кентінде орталықтандырылған су жүйесінен таза судың орнына қою лай су ағып жатыр. Тұрғындар тіршілік нәрінің мұндай сапасына наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде бейнежазбалар жариялауда.
Салдарынан ауыл халқы күнделікті тұрмысқа қажетті таза ауызсусыз қалып, үлкен қиындыққа тап болды. Жергілікті жұрт бұл санитарлық мәселенің тез арада шешілуін және сапалы су берілуін талап етуде. Қазіргі уақытта кенттегі су құбырынан аққан су мүлдем пайдалануға жарамсыз күйде қалып отыр.
Видео: elsozi.kz
