Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Әскердегі әлімжеттік: ұзақ уақыт ем алған Ербаян Мұхтар анасың көз алдында қайтыс болды

    Әскердегі әлімжеттік: ұзақ уақыт ем алған Ербаян Мұхтар анасың көз алдында қайтыс болды

    Фото: видео скриншот

    Ұлттық ұлан қатарында қызмет атқару кезінде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Бұл туралы журналист Динара Мыңжасар мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ақпаратқа сәйкес, марқұмның анасы Гүлсім Қамиева ұлының Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында көз жұмғанын жеткізген. Осыдан бір ай бұрын Ербаян Мұхтардың денсаулығы күрт нашарлап, аталған емдеу мекемесіне шұғыл түрде жатқызылған болатын.

    Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген Ербаян Мұхтар ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түсті. Басшылық сарбаздың туыстарына оның «дәретханада құлап, басын кафельге соққанын» хабарлаған.

    Ауруханаға түскен кезде сарбазға мидың ауыр соғылуы, жедел субдуралды гематома және шүйде сүйегінің сынуы диагноздары қойылды. Бірнеше күрделі отадан кейін ол сал болып қалды. Жәбірленушінің жақындары оқиғаның жазатайым жағдай екеніне сенбеді, бұл іс қоғамда үлкен талқылау тудырды.

    Ербаян Мұхтардың еміне қазақстандықтар 224 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Кейіннен Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері қолдау көрсетіп, сарбаздың Түркияға ұшуын және Стамбұлдағы ем-домын қаржыландырды.

    Түркиядағы емдеу кезеңін аяқтап, Астанаға оралған сәтте оның жағдайы тұрақты деп бағаланған болатын. Алайда дәрігерлер жарақаттың аса ауырлығын және нақты нәтиже үшін ұзақ уақыт қажет екенін ескерткен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →