Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    24 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

    24 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

    Фото: pixabay

    «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 24 маусым, сәрсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

    Сондай-ақ елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

    Алматы, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады. Бұл өңірлерде ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Алматы облысының солтүстігінде сынап бағаны +40 градусқа дейін жетуі ықтимал.

    Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ең күрделі жағдай Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →